Астана мен Алматыны аптап болады: 20–22 маусымға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыны аптап болады: 20–22 маусымға арналған ауа райы болжамы Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде — 20, 21 және 22 маусымда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде — 20, 21 және 22 маусымда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

20 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Шығыс бағыттан жел соғады: түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Жарнама
Жарнама

21 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

22 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Алматы

20 маусымда көшпелі бұлтты болады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады: жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін ыстық болады.

21 маусымда көшпелі бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.

22 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама