Астана тұрғыны анасын өлтіргенін жасыру үшін жедел жәрдем шақырған

Астана тұрғыны анасын өлтіргенін жасыру үшін жедел жәрдем шақырған © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Астанада ер адам қарт анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ер адам қарт анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 3 шілдеде таңертең Астанада 55 жастағы ер адам өз үйінде анасын тұншықтырып өлтірген. Әйел төсекке таңылған, тұрақты күтімді қажет еткен.

Реклама
Реклама

"Ұзақ уақыт бойы төсекте жатқан анасына күтім жасаудан қажып, жиі кінәлау мен жанжалдардан шаршап, жеке бас араздығы негізінде, мас күйде диванда жатқан анасының қасына келіп, қасақана өлтіру мақсатында екі қолымен тұншықтырған", – делінген құжатта.

"Анамның жазылуы үшін дұға еттім"

Сотта ер адам кінәсін мойындамаған. Ол сол күні таңертең анасының қант деңгейін, қызуын өлшеп, "еденге отырып, анамның жазылуы үшін дұға ете бастадым" деп айтқан.

Оның айтуынша, анасы "өзіне келе алмағандықтан", ол мойнынан ұстап сілкілей бастаған. Содан кейін әйел дем алмай қалған, ал ол қатты абыржығанын жеткізген.

Кейін жедел жәрдем шақырып, анасына реанимация жасауға тырысқанын айтқан.

"Тамыр соғысы жоқ екеніне көзі жеткен соң, ол абыржып, анасына қайта жақындап дәл сондай әрекеттерді қайталап, есін жиғызуға тырысып, оң және сол қолымен бірнеше рет бетінен шапалақпен салған, кейін қайтадан мойнынан ұстап сілкілей бастаған және жасанды тыныс алдыруды жалғастырған", – делінеді құжатта.

Келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған.

"Әйелдің бетінде көгерген жарақат болды"

Фельдшердің айтуынша, шақыртуға келгенде ол шамамен 70–75 жастағы әйелді шалқасынан жатқан күйде көрген. Тамыр соғысы мен есін тексеріп, өлім дерегін нақтылаған.

Әйелдің бетінде көкшіл гематома, мойнында жасыл сүлгі байланған. Сүлгінің астынан мойынның екі жағынан да гематомалар анықталған.

"Сүлгінің қайдан шыққанын сұрағанда, ұлы бөлмеге кіргенде анасын "сүлгіге асылып тұрған"күйінде көріп, шешіп алғанын айтты", – деген фельдшер.

Алайда көршілер сотта әйелдің 8 жыл бұрын сан сүйегінің мойнын сындырып, содан бері жүріп-тұра алмай, төсек тартып жатқанын айтқан.

Куәлардың сөзінше, ер адам жастайынан алкоголь көп ішкен, 1990-жылдары есірткі қолданған, есірткі таратқаны үшін тергеуге іліккен. Көршілер оның анасына қол көтеріп, агрессив мінез танытып, жиі мас күйде жүретінін, кейде 10–20 тәулікке ұсталғанын да айтқан.

"Тістерін қағып түсірген"

Куәлардың бірі ер адамның жиі ішімдікке салынып, анасын ұрып-соғатынын айтқан. Бір жолы оның алдыңғы тістерін қағып түсіріп, ұрып-соққанын айтты.

Куәлардың айтуынша, 2024 жылдың жазында ер адам анасы "өтірік ауырады, жүре алады" деп айтқан. Ол жанжал мен өшпенділік салдарынан анасын жиі соққыға жыққан. Әйел баласынан қорыққан.

Сараптама не көрсетті?

Сараптама марқұмның денесінде көптеген жарақат болғанын анықтаған. Өлімнің негізгі себебі – тұншығу.

Сарапшылар бас-ми жарақатын, қабырға сынуын, ерін мен тілдегі ұсақ жараларды, бетте, мойында, кеудеде және қолдарда сызаттар мен қанталағанын тіркеген. Жарақаттардың басым бөлігі оқиғадан бірнеше сағат бұрын пайда болған.

"Дене жарақаттары қатты, доғал заттардың әсерінен пайда болуы мүмкін. (…) Жарақат сипаты жәбірленушінің мойын тұсына күш қолданылғанын дәлелдейді", – делінген.

Сот шешімі

Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келген. Ол ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама