Астана тұрғынына жаңа бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана тұрғынына жаңа бап бойынша қылмыстық іс қозғалды Видео кадры

Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

Жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Ол жерде мас екі ер адам болған. Олардың біреуі өзін жайсыз сезінетінін айтып шағымданған.

Реклама
Реклама

Медицина қызметкерлері қажет шараларды жүргізіп, шақырту орнынан кетпек болған кезде, әлгі ер адамның бірі фельдшерді ұрып жіберген. Куәгерлер полиция шақырған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Маңызды әлеуметтік миссия атқарып жүрген жедел қызметтердің қызметкерлеріне қатысты кез келген агрессия, қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері қатаң түрде тоқтатылады", - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Еске салайық, 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен қоқан-лоқы жасағандарға жаза күшейтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама