Астанада 9 қабатты үйдің қасбеті мен кондиционер құлап түсті: зардап шеккендер бар

Фото:depositphotos.com

Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайы бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, қаптама мен кондиционер ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінің үстіне құлаған.

"Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қаптаманың әрі қарай құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деді ТЖМ.
Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Реклама
Реклама

Былтыр елорданың бір тұрғын үй кешенінде лифт жанында тұрған әйелдің үстіне пластик қаптама құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін оның миы шайқалғаны анықталды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама