Астанада аяз, ал Алматыда +17 градус жылы болады

Астанада аяз, ал Алматыда +17 градус жылы болады Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Синоптиктер 18, 19 және 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 18, 19 және 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

18 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.

Реклама
Реклама

19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Ара-тұра қар жауады, жаяу боран, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -11…-13°C.

20 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -12…-14°C.

Алматы

18 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде әлсіз тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады — 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.

19 ақпанда көшпелі бұлтты болады, кешке жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.

20 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама