Синоптиктер 12–14 ақпан күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана бойынша болжам
12 ақпан: Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 9–14 м/с, күндіз 2–7 м/с. Температура: түнде -24…-26°, күндіз -16…-18°.
13 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Температура: түнде -25…-27°, күндіз -12…-14°.
14 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Температура: түнде -21…-23°, күндіз -8…-10°.
Алматы бойынша болжам
12 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Температура: түнде 0…-2°, күндіз 0…+2°.
13 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°.
14 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде -2…-4°, күндіз +3…+5°.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!