28 қаңтар 2023 15:25

Астанада бір күн ғана жұмыс істеген әйел үй иесін тонап кеткен

Астанада бір күн ғана жұмыс істеген әйел үй иесін тонап кеткен. Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйел адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бір күн ғана жұмыс істеген әйел үй иесін тонап кеткен. Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйел адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, әйел "үй көмекшісі" болып жұмысқа орналасқан. Ол киім ауыстыратын бөлмені жинап жүрген уақытта алтын бұйымдарды жымқырған. Ол ұрлық жасау сәтінде үй иелері пәтерде болған. Жұмыс беруші полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Полицейлер ұрланған заттардың барлығын тапты. Анықталғандай, ұры оларды ломбардқа тапсырған, алтын бұйымдар сол жерден тәркіленген. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз", - деді Есіл аудандық полиция басқармасы бөлім бастығы Сәкен Алауханов.

Реклама
Реклама

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әйел адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram