Астанада Джей Лоның концертіне байланысты қозғалыс шектеледі

instagram.com/jlo

Астанада 1 тамызда жол қозғалысы уақытша шектеледі. Бұған себеп - әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 1 тамызда жол қозғалысы уақытша шектеледі. Бұған себеп - әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

"Ауқымды концерт өткізілуіне байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың іс-шара өтетін жерге ыңғайлы келіп-кетуі үшін "Астана Арена" стадионы маңында – "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегінің жағында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі", – делінген әкімдік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Тұрақтар қайда болады?

Автокөліктерді "Астана Арена" стадионының аумағына, "Алау" мұзсарайына, "Барыс Арена" аумағына, "Сарыарқа" велотрегіне, сондай-ақ Ботаникалық бақтың Бұқар жырау мен Орынбор көшелеріне қараған жағына, Керей мен Жәнібек хандар көшесі маңына және басқа да тұрақ орындарына қоюға болады.

Арнайы шаттл-бастар жүреді

Jennifer Lopez концертіне келушілер үшін қала бойынша бес нүктеден "Астана Арена" стадионына дейін және кері бағытта арнайы шаттл-бастар ұйымдастырылады:

  • Астана циркі маңындағы тұрақтан
  • "Хазрет Сұлтан" мешіті жанынан
  • "QAZAQSTAN" спорт кешені маңынан
  • Тұран даңғылы жағындағы Орталық саябақтан
  • "Бас мешіт" маңынан

Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Ұйымдастырушылар кептеліс пен тұрақ тапшылығын болдырмас үшін тұрғындарға қоғамдық көлік пайдалануға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама