Астанада қалың қар, ал Алматыда нөсер жауын жауады

Астанада қалың қар, ал Алматыда нөсер жауын жауады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана бойынша болжам

19 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде -12…-14°, күндіз -10…-12°.

Реклама
Реклама

20 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -20…-22°, күндіз -10…-12°.

21 ақпанда көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде -10…-12°, күндіз -7…-9°.

Алматы бойынша болжам

19 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады: 3–8 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +15…+17°.

20 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +12…+14°.

21 ақпанда көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с-қа дейін. Түнде +2…+4°, күндіз +7…+9°.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері суық ауа массалары оңтүстік арқылы жылжып, кей өңірлерде нөсерлетіп жауын-шашын әкелуі мүмкін екенін ескерткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама