Астанада кран жүргізушісі қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Видео кадры

Астана полициясы кран машинисінің қаза тапқанын растап, тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана полициясы кран машинисінің қаза тапқанын растап, тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға 18 шілде, жұма күні, шамамен сағат 20:00-де болған.

"Құрылыс алаңында жұмыс жүргізу кезінде құрылыс краны құлап түсті. Кабина ішінде болған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды полиция.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапқаны хабарланған болатын.

Былтыр күзде де Астанада қатты жел салдарынан мұнаралы кран құлаған еді. Оқиға "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Абырой болғанда, ол кезде зардап шеккендер болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама