Астанада лифтіде пранк жасаған жастар ұсталды

Астанада лифтіде пранк жасаған жастар ұсталды Видео кадры

Астанада полицейлер "қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған" пранкерлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада полицейлер "қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған" пранкерлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жастар қаруға ұқсайтын затты көрсетіп, жанжал шығарғандай болған, мұны көрген адамдар шошыған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде азамат Г.А. және оның сыбайласы әуелі сөзге келіспей қалғандай болып, кейін төбелескендей болған.

Жарнама
Жарнама

Осы кезде Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, оны лифтідегі адамдарға қаратып, оларды қорқытқан.

Осы факті бойынша пранкті ұйымдастырған тұрғын ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үстінен бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды және уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама