Астанада LRT-ның келесі тармағына дайындық жұмыстары басталды

Астанада LRT-ның келесі тармағына дайындық жұмыстары басталды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазір инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

"Шыңғыс Айтматов көшесі бойымен өтетін LRT жобасының екінші кезеңіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау аясында топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары атқарылып жатыр", - деді компания өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Компания мәліметінше, бұл жұмыстар LRT желісін әрі қарай жобалау және қандай техникалық шешім қолданатынын анықтау үшін қажет.

LRT құрылысы
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

LRT құрылысы
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-тың келесі бағыты Қосшыға қарай салынатынын айтқан.

"Қосшы үлкейіп жатыр, ол - Астанаға жүктемені азайтып отырған үлкен серік-қала. Сондықтан Қосшыдан қалаға қарай қатынайтын адам көп, біз келесі кезеңді осы бағытта саламыз", - деді әкім.

Еске салайық, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Астанада LRT-тың сынақ режиміндегі жұмысы басталған. Сынақтар кемінде алты айға созылады. LRT-ты биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама