Астанада өртеніп жатқан дәмхананың шатырынан екі адам құтқарылды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Астана ТЖД

Астанада екі қабатты дәмханадан өрт шықты. Өртеніп жатқан ғимараттың шатырынан екі қызметкер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада екі қабатты дәмханадан өрт шықты. Өртеніп жатқан ғимараттың шатырынан екі қызметкер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысында орналасқан екі қабатты дәмхананың бильярд залынан шыққан.

"Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер өртті жылдам сөндіріп, үш бөліктен тұратын сатының көмегімен шатырдан дәмхана қызметкерлерін құтқарды. Ал келушілер өртсөндірушілер келмей тұрып, өз бетімен сыртқа шығып үлгерген", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама