Астанада Ресейдегі атышулы іс бойынша қашқын ұсталды

Видео кадры

Астанада халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы ресейлік ұсталды. Ол Ресейдің Новосібір қаласында адамдарды әдейі көлікпен қаққан деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы ресейлік ұсталды. Ол Ресейдің Новосібір қаласында адамдарды әдейі көлікпен қаққан деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдегі оқиға

Оқиға 10 тамызда Новосібірдегі бір дәмхана маңында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен дәмхана қонақтарының арасында жанжал шығып, біраз уақыттан кейін ол көлігімен қайта оралып, адамдар тұрған жаққа екі рет кері жылжыған. БАҚ мәліметінше, жүргізуші әдейі әрекет еткен.

Реклама
Реклама

Оқиғадан кейін ер адам қашып, Қазақстан шекарасынан өтіп кеткен. Ол мемлекетаралық іздеуге жарияланып, сот күдіктіні сырттай қамауға алды.

Астанадағы ұсталу

14 тамызда Астана криминалдық полициясы күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Іс бойынша мәлімет

Күдіктіге қатысты "екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама