Астанада Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды

Астанада Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды Silk Way Star

Астанада Silk Way Star алғашқы азиялық вокал жобасының ақтық сайысы аяқталды. Моңғолиядан келген Мишель Джозеф байқаудың жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Silk Way Star алғашқы азиялық вокал жобасының ақтық сайысы аяқталды. Моңғолиядан келген Мишель Джозеф байқаудың жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңімпаздың есімін Димаш Құдайберген жариялады.

Реклама
Реклама

Мишель Джозеф – Моңғолияның танымал әншісі және ән авторы. Ол өз шығармашылығында дәстүрлі уртын ду (созылмалы әндер) жанрын поп, R&B және фанк элементтерімен ұштастырады. Әртіс моңғол және ағылшын тілдерінде ән салады.

Silk Way Star финалы Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ, шоу Әзербайжандағы Space TV, Тәжікстандағы "Сафина", Қырғызстандағы "Музыка" және "Маданият", Моңғолиядағы UBS және "АИСТ Глобал", Өзбекстандағы Zor TV, Грузиядағы Georgian Times телеарналарында да көрсетілді.

Финалда жеті әртіс өнер көрсетті. Олар: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).

Алғашқы маусымның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталды: 50 пайызы – қазылар алқасының шешімі, 50 пайызы – онлайн-дауыс беру нәтижесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама