Астанадағы дүкен иесіне жаңа баппен іс қозғалды

Астанадағы дүкен иесіне жаңа баппен іс қозғалды Midjourney

Астанада азық-түлік дүкеніне иелік ететін жеке кәсіпкер әйел дропперлік дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті атанды. Полиция әйелдің сыйақы үшін алаяққа көмектесті деген болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есіл аудандық полиция қызметкерлері дропперлік дерегі бойынша - алаяқтық операцияларды жүргізу үшін банк шотын заңсыз пайдалану дерегімен қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылы өңір тұрғыны интернет-дүкен арқылы квадроцикл сатып алмақ болған. Ол сатушыға 680 мың теңге аударғаннан кейін, әлгі адам байланысқа шықпай кеткен.

Реклама
Реклама

Ақша аударылған шот азық-түлік дүкенінің иесі әрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген астаналық әйелге тиесілі болған. Оның айтуынша, өзіне белгісіз адам хабарласып, сыйақы үшін оның банк шотын пайдалануды сұраған. Әйел келісіп, ақша түскен соң белгілі бір пайызын өзіне қалдырып, қалған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, үшінші тұлғаға берген.

Бұл дерек бойынша кәсіпкер әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама