ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 шілде 2026 12:25
Астанадағы республикалық мешітке “Нұрсұлтан мешіті“ атауы берілді
Бас республикалық мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілді. Енді бұл атау ресми түрде қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Бас мешіт – елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы.
ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ, имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді.
Еске салайық, бас республикалық мешіт 2022 жылғы тамызда ашылған болатын. Оның басты күмбезінің биіктігі 83,2 метр, ал диаметрі 62 метр.
Кіреберіс есігі - әлемдегі ең биік ағаш есіктердің бірі. Ол тропикалық Африкада өсетін ироко ағашынан қолмен жасалған. Есіктің биіктігі — 12,4 метр, салмағы — шамамен 1,5 тонна. Ол қазақы ою-өрнектермен безендірілген, ал мешіттің қасбеті көк түсті, ақ араб жазуымен көмкерілген.
Қабырғалары мен күмбездің ішкі бөлігі нақыштармен, қазақы ою-өрнектермен, Құран аяттарымен және дұғалармен көркемделген. Араб каллиграфиясын қазақстандық шебер Асылбек Байзақұлы орындаған.
Мешіттің жалпы ауданы - 57 мың шаршы метр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу