Астанада куәгерлер Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққанын айтты. Оқиғаға қатысты ТЖМ баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео
Қала тұрғындарының бірі бізге оқиға орнынан видео жолдады. Оның айтуынша, бірнеше балкон өртенген.
ТЖМ не дейді?
Жағдайға қатысты ТЖМ баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Бүгін Астанада Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон өртеніп, артынша жалын жетінші және сегізінші қабаттағы балкондарға тарады", — деп хабарлады ведомстводан.
ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел оқшауланып, сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажетін де еске салды.