Асу Алмабаев UFC-дегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек Корреспондент
instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Асу америкалық Алекс Переске қарсы жеңісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Егер 6 желтоқсанда біреу жарақат алып қалса, мен оның орнына шығуға дайынмын. Қазақта "бие сұрасаң, түйе береді" дейді ғой. Ертең жекпе-жек бола ма, жоқ па оны бір Алла біледі, бірақ бару, дайындалу, менің дайын үміткер екенімді, жекпе-жекке толық дайын екенімді көрсету маңызды", – деді Алмабаев.

Реклама
Реклама

Қазір Асу өз дивизионы рейтингінде сегізінші орында тұр.

6 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 323 турнирінде UFC жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы Алешандре Пантожа мен бірінші нөмірдегі үміткер Джошуа Ван кездеседі.

Еске салайық, Алмабаев пен Перес арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді және үшінші раундта қазақстандық файтердің қылқындыру әдісі жеңіспен аяқталды. Перес бұл әдістен шыға алмай берілген.

Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дегі кәсіби мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңістің арқасында қазақстандық спортшы UFC-дегі рекордын 6-1 көрсеткішіне дейін жақсартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама