19 қазан 2023 | 19:23

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ғимараты көшіріледі

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 19 қазан - Құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 19 қазан - Құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев және құтқарушы қызметкерлер мен сала ардагерлері қатысты.

Іс-шара сала қызметкерлері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Аймақ басшысының орынбасары облыстық ТЖД басқа ғимаратқа көшетінін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Азаматтық қорғау қызметкерлерін бүгінгі төл мерекесімен облыс әкімінің атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Төгілген тер, еткен еңбектеріңіз еселене берсін! Атырау облысының әкімдігі жергілікті ТЖД-мен қоян-қолтық қызмет атқаруда. Нәтижесінде биыл лизинг бойынша 30 техника, облыстық бюджеттен 5 техника сатып алынды. Облыс көлемі бойынша 4 модульді өрт сөндіру бөлімдерінің құрылысы жүріп жатыр. Қаламызда орналасқан ТЖД ғимараты ескі екенін білеміз. Осыны ескеріп, Нұрсая ықшам ауданында орналасқан бұрынғы полиция департаментінің ғимаратына, облыстық ТЖД көшіру шешімі шығарылды", - деді Қ.Нұртаев.

Сала қызметкерлерін облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев та құттықтады. Бар мақсаты азаматтарды құтқару болатын қызметкерлерге, әр тапсырмадан соң отбасыларына аман-есен оралуларын тіледі.

Айта кетейік, салтанатты шарада адал қызметтері үшін бірқатар құтқарушыларға "Құтқарушы" төс белгісі мен ТЖ министрлігінің, Атырау облысы әкімінің, ТЖД-нің алғыс хаттары табыс етілді. Олардың ішінде, биыл орын алған "Ақжайық" резервуатындағы қамыс өртінде антына берік болған қызметкерлер де бар.

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Атырау облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная