Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерді ұрып кеткен

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерді ұрып кеткен Видео кадры

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жігіт қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлерін соққыға жыққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жігіт қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлерін соққыға жыққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 сәуірде шамамен сағат 22:00-де болған.

Бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі полиция қызметкері зардап шеккен.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысқандар анықталып, оларға қатысты процестік шаралар қабылданған.

"Билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету бабымен соталды тергеу жүргізіліп жатыр", — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы жасалған кез келген заңсыз әрекет заңды өрескел бұзу екенін және ол үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама