ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2024 | 20:30
Атырау облысында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті
Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастамасы бойынша, ячың әкімдігі өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды өкілдерімен бірлесе отырып, "Бюджет қаражатын игеруде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу шараларын арттыру" тақырыбында ағымдағы жылдың 18 қазанында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуымен семинар – кеңес ұйымдастырылды.

Департаментпен және оның аумақтық қазынашылық басқармаларымен 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 738 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 50 мекемеге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 530 мекеме, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша- 68, сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың 7 субъектісіне және құрылысты қазынашылық сүйемелдеу бойынша 83 шотқа қызмет көрсетіледі. Осы аталған жиынға мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен есепшілерінің қатысуы толық қамтылды.
Бірлескен іс-шара барысында бюджеттік заңнамадағы өзгерістер талқыланып қаржылық құжаттардың рәсімделу мен ұсынылуы кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі айтылды.
Семинар кеңестің негізгі мақсаты бюджет қаражатын мақсатты, негізді пайдалану үшін жағдай жасайтын нормалар мен талаптарды орындау және мемлекеттік қаржының неғұрлым ашық және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материалды Атырау облысының әкімдігі ұсынды
Показать комментарии
Читайте также