24 қазан 2023 | 21:09

Атырау облысында Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырылды

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 қазан - Республика күніне орай "Тұғыры биік Қазақстан" атты салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

"Бұл тарихи құжат Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігін айқындап берді. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешетіні анықталды. Біз еліміздің жас буынына ел тарихындағы осындай айтулы күндердің бағасы мен мәнін ұғындырумыз керек. Қоғамда шынайы демократияландыру процестері жүріп жатқанын азаматтардың еркі мен бостандығының қамтамасыз етілуінен, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары дамып, азаматтық қоғам құра алғанымыздан анық аңғаруға болады. Еліміздің дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолында өңіріміздің әлеуетін толық пайдаланып, игі іс атқарайық", - деді Серік Шәпкенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Атырау облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная