Атырау тұрғыны 146 грамм уылдырық пен балық үшін 3 жылға сотталды

Фото:depositphotos.com

Атырау қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қаласы №2 сотында жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз сақтаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу барысында оның тоңазытқышынан шамамен 90 келі бекіре балығы мен 146 грамм бекіре уылдырығы табылған.

Айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауын сұраған.

Реклама
Реклама

"Сот үкімімен К.Ж. өзіне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері немесе туындыларымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылу жазасы да тағайындалды", – делінген Атырау қаласы №2 сотының хабарламасында.

Сонымен қатар, жазасын өтеу мерзімі оның кәмелетке толмаған балалары 14 жасқа толғанға дейін 3 жылға кейінге шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама