Атырауда балаларды көлік қағып кетті

Сұлу Бөлек Корреспондент
Видео кадры

Атырауда үй ауласында ойнап жүрген екі баланы көлік қағып кетті. Олар жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырауда үй ауласында ойнап жүрген екі баланы көлік қағып кетті. Олар жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 шілдеде болған. Lada Granta көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші үй маңындағы жолдан жүгіріп өтпек болған 5 жасар қызды қағып кеткен. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті.

Тағы бір жол апаты 1 шілдеде болған. 47 жастағы Kia Sorento жүргізушісі автотұрақтан шығып жатқанда 2 жасар баланы қағып кеткен. Бала ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Реклама
Реклама

"Екі жағдай бойынша да соталды тергеу амалдары басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама