Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты

Видео кадры

Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД хабарына қарағанда, өрт 16.22-де бесінші қабаттағы пәтерде басталған, одан үйдің төбесіне көшкен. Өрт 18.28-да сөндірілді. Төтенше жағдайдың себебі мен шығыны анықталып жатыр. Жалын 24 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді шарпыған.

Тұрғын үйден өз бетімен 249 адам шыққан, 30 адам құтқарылды. Оқиға орнында барлығына медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға ешкім жеткізілмеді.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша штаб құрылды, сол жерде қалалық әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс істейді, үй тұрғындарының тізімі жасалады.

Өрт сөндіруге барлығы 48 өртсөндіруші және 18 дана техника қатысты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама