Атырауда мұғалім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды - комиссия құрылды

Атырауда мұғалім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды - комиссия құрылды Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң, суицид жасамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң, суицид жасамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша ұстазды педагогикалық кеңесте жұрт алдында балағаттап, алаяқтық жасады деп айыптаған.

Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жағдай комитеттің бақылауында.

Реклама
Реклама

"Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Қазір мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу басталды.

"Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомство.

Комитеттің баспасөз қызметі ұстаздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

"Өзін жақсы сезінеді, мұғалімге қажетті психологиялық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама