27 мамыр 2023 12:46

Атыраудан Шымкентке бара жатқан әйел пойызда босанды

Фото: zaleskiy.com

25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша бара жатқан жолаушының босануына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша бара жатқан жолаушының босануына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан әйелді жолда толғақ қысты. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді.

Нұсқауға сәйкес, жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Реклама
Реклама

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел-жәрдем қызметкерлері күтіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram