05 қазан 2021 11:11

 Ауғанстанда 34 тәліп мемлекеттік лауазымдарға ие болды

©Reuters

Ауғанстанның "Талибан" лаңкестік ұйымымен құрылған уақытша үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалыстың 34 өкілін түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Indian Express агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Топтың ресми өкілі Забихулла Муджахидтің мәлімдемесінде, бекітілген лауазымдардың әрқайсысына тек діни атақтарға ие қозғалыс өкілдері тағайындалғаны айтылған.

Жаңа тағайындаулардың арасында премьер-министрдің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, министрлердің орынбасарлары және ауған Қызыл Жарты Ай қоғамы басшысының орынбасары бар. Сондай-ақ, армия қолбасшылары мен Қорғаныс министрлігіндегі лауазымдар, Кабул, Гильменд, Герат және Кандагарды қоса алғанда, Ауғанстан провинцияларындағы өкілдер бар.

Реклама
Реклама

34 жаңа шенеуніктің барлығы дерлік Ауғанстандағы ең үлкен этникалық топ пуштундардың өкілдері екендігі айтылды.

Еске салайық, 8 қыркүйекте "Талибан" Ауғанстанда уақытша үкімет құрып, елді Ислам әмірлігі деп жариялаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram