Аумақтарды заңсыз иемдену: Алматы әкімі бір шағынауданды тексеруді тапсырды

Аумақтарды заңсыз иемдену: Алматы әкімі бір шағынауданды тексеруді тапсырды Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Көктем" шағынауданында аумақтарды өз бетінше иемдену дерегі бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Көктем" шағынауданында аумақтарды өз бетінше иемдену дерегі бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі бұл тапсырманы шағынаудан тұрғындарымен кездесу барысында берді. Тұрғындар бос учаскелердің мүмкін болған құрылысына алаңдаушылық білдірген.

"Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аумақтарды өз бетінше иемдену деректері бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Талқылау кезінде инженерлік желілер, абаттандыру және жасыл аймақтарды сақтау мәселелері де көтерілді. Lamiya тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесуде үздіксіз электрмен жабдықтау және инженерлік желілерді қала балансына беру тақырыптары қозғалды.

"Жүздесу барысында Дархан Сатыбалды энергетика мен сумен жабдықтау басқармаларына, қала құрылысы бақылауы қызметіне МИБ өкілдері мен құрылыс компаниясымен бірлесіп қосымша трансформаторлық қосалқы станция мен резервтік кабель салу мәселесін пысықтап, кейін оны қаланың меншігіне өткізуді тапсырды", - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мерзімдерді бұзып, жұмысты сапасыз орындайтын мердігер ұйымдар енді Алматыда жұмыс істемейтінін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама