Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялады: Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау туралы не белгілі?

Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялады: Burger King Kazakhstan төңірегіндегі дау туралы не белгілі? Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Қазақстанда Burger King фастфуд мейрамханалары желісінің төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялаған. Компания бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Burger King фастфуд мейрамханалары желісінің төңірегінде дау шықты. Аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы жазба жариялаған. Компания бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Burger King фастфуд мейрамханалары желісі қызу талқыға түсті. Талқылауға Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Онда бір әйел Burger King желісіндегі мейрамханалардың бірінде қызметкер болып жұмыс істеген ұлының жағдайын баяндаған.

Реклама
Реклама

"Ол 4 жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді, қосымша жұмысқа қалып жүрді, демалыстарын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысып жұмыс істеді", – деп жазды әйел.

Ол бұған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болғанын айтады. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген. Оның сөзінше, күзден бері ұлы бұрынғыдай емес, көңіл күйі де, жүріс-тұрысы да өзгерген. Әйел мұның себебін ұлын жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүрлеп жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ, жазбаларда жаңа басшымен жеке сөйлескені де нәтиже бермегені айтылады.

"Роботпен сөйлескендей болдым. Ол жуырда ғана біздің елге келген, әрі менің байқауымша, инклюзив қоғамның қағидаларын онша біле бермейді", – деп қосты әйел.

Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Burger King-тің ұстанымы

Компания ресми ұстанымын жариялады. Онда қызметкердің жұмыстан шығарылмағаны және Burger King Kazakhstan-да әлі қызмет етіп жатқаны айтылған.

"Еңбек қатынасын тоқтату туралы шешімді компания қабылдаған жоқ", – деп атап өтті олар.

Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкердің демалыс алғысы келетіні туралы хабар түскен. Сол уақыттан кейін ол жұмысқа шықпай қалған. Компания айтуынша, қызметкерден ресми өтініш (арыз) түспеген.

"6 ақпанда компанияға қызметкердің анасы келіп, еңбек қатынасын тоқтату туралы өтінішті тапсырды. Ол өтініш анасының атымен жазылған. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті тікелей қызметкердің өзі рәсімдеуі керек.

Компания тарапынан жағдайды шешудің бірнеше жолы ұсынылды, оның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру нұсқасы да бар. Біз диалогқа ашықпыз және әрі қарай қандай қадам жасалатынын қызметкердің өзі мен оның отбасының қатысуымен, жұмыс тәртібінде, конструктив түрде талқылауға дайынбыз", – деп мәлімдеді Burger King Kazakhstan.

Сондай-ақ, компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама