Азаптау ісі: Татубаев пен Кексельге қатысты тергеу неге созылып жатыр?

Айжан Калиева Корреспондент
Коллаж: Tengrinews.kz

Tengrinews.kz тілшісі Талғат Татубаев пен Бас прокуратураның Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельге қатысты тергеу ісінің қалай жүріп жатқанын білу үшін ресми сұрау салды.

Tengrinews.kz тілшісі Талғат Татубаев пен Бас прокуратураның Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельге қатысты тергеу ісінің қалай жүріп жатқанын білу үшін ресми сұрау салды.

Оқиғаның мән-жайы

Ресми мәліметтерге сәйкес, Талғат Татубаев 2025 жылдың шілдесінде азаптау қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды. Осыған ұқсас құқықбұзушылық бойынша Олеся Кексель де күдікке ілінген. Бұған дейін тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейтіні хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Бас прокуратура не дейді?


Татубаев пен Кексельге қатысты тергеу басталғаны туралы хабар шыққалы бері бір айдан астам уақыт өтті. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Бас прокуратураға ресми сауал жолдады. Алайда жауапта бір ай бұрын айтылған мәліметтер ғана қамтылған.

"Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, қосымша дәлелдемелер жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды", – делінген жауапта.

Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылған еді. Бұған дейін дәл осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Талғат Татубаев ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама