Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс: алдын ала тыңдау Астанада өтеді

Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс: алдын ала тыңдау Астанада өтеді primeminister.kz

Дүйсенбі, 26 қаңтарда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенбі, 26 қаңтарда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл туралы ақпарат "Сот кабинеті" жүйесінде жарияланған.

Бұған дейін Бабақұмаровтың өліміне қатысты істі қарау түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Реклама
Реклама

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша тергелген. Істі бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды.

Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған.

Ержан Бабақұмаров кім?

Ержан Бабақұмаров 1969 жылғы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының басшысы болған. Мәдениет және ақпарат саласында жауапты хатшы әрі вице-министр қызметтерін атқарған. Сондай-ақ премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама