БАҚ пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты қайтсек нығайтуға болады?

БАҚ пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты қайтсек нығайтуға болады?

Таяуда дәл осындай тақырыппен Орал қаласында инклюзивті мемлекеттік саясат азаматтық қоғамның үлесі тақырыбындағы облыстық ХІ Азаматтық форумының аясында сессия ұйымдастырылды. Сессия жұмысына бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда дәл осындай тақырыппен Орал қаласында инклюзивті мемлекеттік саясат азаматтық қоғамның үлесі тақырыбындағы облыстық ХІ Азаматтық форумының аясында сессия ұйымдастырылды. Сессия жұмысына бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҮЕҰ журналистердің көзімен, неліктен бұқаралық ақпарат құралдары ҮЕҰ туралы жазбайды? Оларға қандай ақпарат жетіспейді? ҮЕҰ ақпараттық ілгерілету үшін қажет заманауи, маңызды құзыреттер. Журналистер мен ҮЕҰ ақпараттық серіктестік пе, текетірес пе" деген сұрақтарға диалог түрінде екі тарап жауап қатып, өз ойларын ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысында 670 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 100-ге жуық қоғамдық бірлестіктер белсенді қызмет атқарып, түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің, консультативті-кеңесші органдардың құрамында және түрлі салаларда тиімді жұмыс жасауда. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 163 жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 227 млн теңге бөлінді. Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 салалық басқарма, Орал қаласы мен 12 ауданның әкімдігі жүзеге асырады.

Реклама
Реклама

Белсенді жұмыс жүргізіп, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге атсалысқан үкіметтік емес ұйымдарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын сыйақы тағайындап отыр. Өткен жылы аталған сыйақы белсенді қызмет атқарған 3 ұйымға берілсе, 2 үкіметтік емес ұйым алғаш рет өткізілген "Таңдау" сыйлығының иегері атанды.

Биыл Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру операторымен бірлесіп, 25 млн теңге көлемінде 3 жобаға конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Грант Батыс Қазақстан облысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтиды.

Соңғы 4 жылдың ішінде 21 үкіметтік емес ұйым жұмысы жоғары бағаланып, өңіріміз республика бойынша жақсы нәтиже көрсеткен облыстардың қатарына енді.

Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталған "Жайық Пресс" медиахолдингінің директоры Табылғали Сапаров ҮЕҰ өкілдерімен екіжақты бірлесе жұмыс жасауды ұсынды. Медиахолдинг ҮЕҰ-дың маңызды жобалары мен жұмысын тұрақты насихаттап, ел-жұртқа жеткізеді. Ал ҮЕҰ өкілдері де өз тарапынан жазылу науқаны кезінде газеттің таралымының көбеюіне белсенді атсалысқаны жөн.

"Арба" тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы" ҚБ-нің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұлова бірнеше жыл бұрын өзінің жазатайым жағдайға тап болып, "Арба" қоғамдық бірлестігін ашар кезде қолдау көрсеткен ел ағалары Табылғали Сапаров, Серік Сүлейменов, Нариман Төреғалиевтің қайырымдылық істері туралы естеліктерін бөлісті.

БАҚ-пен жұмыстың әлсіздігін алға тартқан БҚО ҚХА "Журналистер клубының" төрағасы Асыланбек Ғұбашев үкіметтік емес ұйымдарды өз жұмыстарына деген халықтың, журналистердің қызығушылығын оятуы үшін елді елең еткізер әрі пайдалы істер жасауға шақырды.

Сессияда санда бар, сапада жоқ үкіметтік емес ұйымдар болмас үшін мемлекеттік сатып алу заңына өзгеріс енгізу қажеттігі туралы айтылды. Сондай ақ өңірдің жобасына облыс аймағындағы ұйым ғана қатыссын деген ұсыныстар ортаға салынды. БАҚ пен ҮЕҰ қоян-қолтық жұмыс жасауы жолында қандай тетіктер қажет, осы мақсатта қоғамдық бірлестік өкілдері неге дайын болуы керек? Олардың кемшілігі қандай? Осындай сұрақтарға жауап берген БАҚ өкілдері бірлесе жұмыс жасауға, ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама