Бақбақ, жусан, қызғалдақ: қай гүлді терген үшін 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін?

Бақбақ, жусан, қызғалдақ: қай гүлді терген үшін 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көктемде қазақстандықтардың назарын аударатын көп өсімдік пен гүл гүлдей бастайды. Алайда оның көбі Қызыл кітапқа енгізілген, сондықтан оларды жұлу немесе зақымдау қымбатқа түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көктемде қазақстандықтардың назарын аударатын көп өсімдік пен гүл гүлдей бастайды. Алайда оның көбі Қызыл кітапқа енгізілген, сондықтан оларды жұлу немесе зақымдау қымбатқа түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер енді?

Tengrinews.kz редакциясы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ресми сауал жолдап, сирек кездесетін өсімдіктер тізімін және оларды заңсыз терген үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады.

Реклама
Реклама

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Қызыл кітабына (2014) өсімдіктің 387 түрі, оның ішінде дәрілік өсімдіктің 65 түрі енгізілген. Сирек кездесетін және қорғалатын түрлердің толық тізімін сілтеме арқылы көруге болады.

Сирек өсімдіктердің қатарында Андржевский қалампыры, Виталий бақбақтары және көксағыз, дермене жусан, бұйра лалагүл, меруертгүл, қазақстандық құрақ, сондай-ақ, қызғалдақтың ондаған түрі бар. Атап айтқанда: Альберт, Биберштейн, Борщов, Грейг, қосгүлді, Зинаида, Кауфман, Колпаковский, Корольков, қысқа аталықты, Леман, біртүсті, Островский, кеш, еңкіш, ала күлтелі, Регель және Шренк қызғалдағы.

Қандай жаза қарастырылған?

Қылмыстық кодекстің 339-бабына және 2023 жылғы "Өсімдіктер дүниесі туралы" заңға сәйкес, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлуға, теруге, жоюға, зақымдауға, сондай-ақ, оларды заңсыз сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға немесе сатуға қатаң тыйым салынады.

Жаза түрлері:

  • 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 12 950 000 теңге);
  • түзеу жұмыстары;
  • бас бостандығын шектеу;
  • үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қай өсімдіктерді теруге болады?

Тұрғындар жеке және тұрмыстық қажеті үшін жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдіктерді тере алады. Бірақ бұл сирек кездесетін және қорғалатын түрлерге қатысты емес. Сондай-ақ, бұл әкімдіктер белгілеген норма шегінде ғана рұқсат етіледі.

"Жеке тұлғалар "Өсімдіктер дүниесі туралы" заңның 28 және 32-баптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ұсынуымен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының (мәслихаттардың) шешімімен бекітілген нормалар шегінде өсімдіктерді тере алады", — деп хабарлады Экология министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бәйшешек жұлғаны үшін "қатаң" жаза қарастырылатынын айтқан еді. Алайда министрлік ұсынған Қызыл кітаптың ресми тізімінде бәйшешек әзірге көрсетілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама