Баланы қағып, қашып кеткен Lexus жүргізушісі жұмыстан қуылған экс-полицей болып шықты

Видео кадры

Алматы облысында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол бұған дейін бала қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол бұған дейін бала қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

42 жастағы ер адам жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адам полиция қызметкері емес. Бұған дейін куәгерлер оны құқық қорғау органының қызметкері деп айтқан болатын. Жол апаты болғанға дейін ол теріс себептермен қызметінен босатылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 4 шілдеде Қозыбек ауылындағы дүкендердің бірінің маңында Lexus RX 300 көлігі артқа жүріп бара жатып, велосипед тепкен баланы қағып кеткен. Осыдан кейін жүргізуші оқиға орнынан таса болып, балаға көмек көрсетпеген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама