ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2022 | 17:15
Бейжіңдегі Паралимпиадада Қазақстан қоржынына қанша медаль түсті?
Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 17-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 17-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасында биатлон жарысы бойынша Александр Герлицтің бір қола жүлдесі бар. Бұл Қазақстан құрамасына Аустралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісуіне мүмкіндік берді.
2018 жылғы қысқы паралимпиадада Қазақстан құрамасы бір алтынмен 20-орынды иеленген еді.
Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).
Айта кетейік, Герлиц медальдан бөлек, өзге төрт жарыста бесінші орынға ие болды - шаңғы жарысында үш рет және биатлонда бір рет. Сонымен қатар, Ербол Хамитов шаңғы эстафетасында бесінші болды.
Осылайша, Герлиц 115 мың доллар, ал Хамитов он мың алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также