02 сәуір 2023 14:38

Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-при кезеңінде көш басына шықты

Фото: instagram.com/bibisarachess

Бүгін Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шықты.

Қазір 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы бүгін 8-турда кім мықтыны анықтамақ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық шахматшы кеше Полина Шувалованы, оның алдында тағы бір үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан. Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.

Еске салайық, қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжалдасып қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram