Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңіп, қомақты табыс тапты

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңіп, қомақты табыс тапты freestyle-chess.com

Блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Швейцария атынан өнер көрсететін Александра Костенюкті матчте жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Швейцария атынан өнер көрсететін Александра Костенюкті матчте жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық шахматшы Фишер шахматы бойынша Women’s Exhibition Match атты көрме матчіне қатысып, 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Олар 25+10 уақыт бақылауымен төрт партия ойнады, соның екеуінде Бибісара басым түсті.

Матчтің жалпы жүлде қоры 15 мың доллар, шамамен 7,5 миллион теңге болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Александра Костенюк - классикалық шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы, рапид пен блицтен әлем чемпионы, сондай-ақ, Фишер шахматынан екі дүркін әлем чемпионы.

Бибісара Асаубаева - Қазақстан тарихындағы үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш шахматшы

Қазақстандық шахматшы 2025 жылдың аяғында мансабында үшінші рет блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды. Бұл жетістік Бибісараны ерекше чемпион етті.

Әлем чемпионатындағы жеңіс Бибісараға шахмат тәжіне таласатын үміткерлер турниріне жолдама алуға мүмкіндік берді. Турнир 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама