Бокстан әлем чемпионатының төртінші күні: қайдан көруге болады?

Спортты дамыту дирекциясы

7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі дебют жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі дебют жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарыстың төртінші күнінде рингке шығатындар:

  • Азия чемпионатының күміс жүлдегері, "Странджа-2025" кубогының қола жүлдегері Оразбек Асылқұлов,
  • екі дүркін Қазақстан чемпионы, "Странджа-2025" кубогының жеңімпазы Ертуған Зейнуллинов,
  • әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019 және 2021 жылдар) Абылайхан Жүсіпов.
Реклама
Реклама

Еске салайық, турнирдің әр жарыс күнінде екі сессия өтеді: 18:00-де және 22:00-де (Қазақстан уақытымен).

Алдымен рингке Оразбек Асылқұлов шығады. 57 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшының Кабо-Верде өкілі Элисандро Санчес да Силвамен жекпе-жегі 18:00-дегі бірінші сессияға жоспарланған.

Қалған боксшылар жекпе-жектерін екінші сессияда өткізеді. Ертуған Зейнуллиновтың (63,5 килограмға дейін) және Абылайхан Жүсіповтің (71 килограмға дейін) жекпе-жектері 22:00-ден кейін өтеді. Олардың қарсыластары – Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэл және Армения өкілі Арарат Арутюнян.

Қазақстанда жекпе-жектерді тікелей эфирде QArena арнасы, телеарнаның сайтынан көруге болады.

Еске салайық, Дубайда бокстан әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыс жеңімпаздары 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер – 75 мың доллардан, ал ширек финалға шыққандар 10 мың доллардан алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама