12 наурыз 2020 | 17:17

"Болашақ" бағдарламасының студенттері елге оралады

© Тұрар Қазанғапов

"Болашақ" бағдарламасының студенттері елге оралады, - деп хабарлайды "Хабар24". Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Болашақ" бағдарламасының студенттері елге оралады, - деп хабарлайды "Хабар24". Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде әлемнің 18 елінде Қазақстанның 857 азаматы білім алады. Олардың 19-ы қауіп деңгейі 1-санаттағы елдерде жүр.

Реклама
Реклама

"Короновирусқа байланысты шел елдердегі университтердің көбі қашықтықтан оқу жүйесіне көшіп жатыр. Сондықтан студенттеріміздің кейбірі елге қайтады. Бұл жерде олардың келу және кету жол ақысы және степендияны сақтау мәселесі бар. Біз нормативті-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізіп, мәселені шештік", - дейді министр.

Мұның алдында министр ҰБТ мен оқушылардың оқуын жазға қалдыруға қатысты пікір білдірген болатын. "ҰБТ туралы айтатын болсақ. Сіздер бүгінде ҰБТ жылына төрт рет өтіп жүргенін білесіздер, келесі ҰБТ наурыз айының соңында ақылы түрде өтуі керек болатын. Бірақ біз енді ҰБТ-ны кейінге қалдыра тұруды шештік. Жазда өтетін ҰБТ туралы айтатын болсақ, ол кезге қарай барлығы нақты белгілі болады деп ойлаймыз, яғни елдегі эпидемиологиялық жағдай жайында", - деген еді министр.

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная