Бір айдан кейін коронавирусты ұмытамыз - Лукашенко

Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусты бір ай ішінде жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусты бір ай ішінде жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Лукашенко Беларустің коронавирус инфекциясымен күрестегі әдісінің дұрыс екенін тағы атап өтті.

"Біз өз жолымызды таңдадық. Бүгін дұрыс жасағанымызға көзім жетті. Біз төтенше жағдай режимін енгізбедік", - деді ол.

Реклама
Реклама

Президент әрбір адамның өмірі үшін күресуге шақырды және Беларусь халқының қолынан келетінін жеткізді.

"Егер біз әрі қарай да осы жолмен кетсек, онда бір айдан кейін коронавирусты ұмытамыз", - деді Лукашенко.

Беларусте коронавирус пандемиясына байланысты қатаң карантин шаралары енгізілмеді. 

Беларусте коронавирус  жұқтырған 20 168 адам тіркелді. COVID-19 жұқтырған 5067 адам аурудан жазылды, 116 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама