Бірнеше өңірде көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Тұрар Қазанғапов

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашылып, шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашылып, шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

"Бұрынғы енгізілген барлық қозғалыс шектеулері алынып тасталды. Республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз жол жүру қамтамасыз етілген. Өткен түнде жолға мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған еді. Соған орай 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.

Реклама
Реклама

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная