28 қаңтар 2023 12:44

Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауа ластанады

Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 28 қаңтарда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 28 қаңтарда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикамыздың ауа бассейнінің жай-күйі бюллетеніндегі деректерге сәйкес, Алматыда, Атырауда, Ақтөбеде, Жезқазғанда және Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатыны болжанады.

Алматыда 28 қаңтарда, 29 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, қала бойынша ауаның ластануының жоғары деңгейі күтіледі.

Реклама
Реклама

Ақтөбеде 28 қаңтарда, 29 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына ықпал етеді. Қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады.

Атырау, Жезқазған, Шымкентте метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, жалпы қалалар бойынша ауаның ластану деңгейі нашарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram