“Бұл қақтығысты бастаған АҚШ емес“. Пит Хегсет Иран туралы

“Бұл қақтығысты бастаған АҚШ емес“. Пит Хегсет Иран туралы Фото:depositphotos.com

АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет АҚШ Ирандағы қақтығысты бастамағанын, бірақ оны тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет АҚШ Ирандағы қақтығысты бастамағанын, бірақ оны тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде бөлісті.

Хегсеттің жазуынша, ирандық режимнің мүмкіндігі болған, алайда ол ядролық келісім жасауға келіспеген, "енді соның салдарын тартып отыр".

Реклама
Реклама

"50 жылға жуық уақыт бойы Иран америкалықтарды қудалап, өлтіріп келді және өз радикал идеяларын дамыту үшін әлемдегі ең қуатты қаруға қол жеткізбек болды. Өткен түні президент Трамп осы "обаны" жоюға кірісті", — деді ол.

Қорғаныс министрі АҚШ "америкалық халыққа бағытталған қуатты зымырандарға" төзбейтінін айтты. Ол бұл зымырандарды оларды өндіретін нысандармен бірге жоюға, сондай-ақ, Иранның әскери-теңіз флотын талқандауға уәде берді.

"Бұл қақтығысты бастаған АҚШ емес, бірақ біз оны аяқтаймыз. Егер әлемнің кез келген жерінде америкалықтарды өлтірсеңіз немесе оларға қоқан-лоқы жасасаңыз, Иран солай істеп келді, біз сізді іздеп тауып, көзіңізді құртамыз. Біздің жауынгерлер - әлемдегі ең мықтылар, әрі мақсатымызға жету үшін оларға толық еркіндік берілген. Осы аса маңызды миссияда оларды Құдай қорғасын", - деп түйіндеді ол.

28 ақпанда Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Иранға қарсы "алдын ала соққыны" Израиль де бастаған.

Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранды жауап соққысын жасамауға шақырып, әйтпегенде "жойқын күшпен" соққы жасалатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама