ПОДЕЛИТЬСЯ
17 желтоқсан 2023 | 16:25
Денис Никиша әлем кубогының қола медалін жеңіп алды
Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525.
Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196)еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.
Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді.
Ал ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан финалға шыққан Еркебұлан Шамұханов жарысты аяқтай алмады. Ол ереже бұзғаны үшін пенальти алып, айдыннан қуылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также