Депутат Астанада қылмыс деңгейі жоғары деген мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

parlam.kz

Астана мәслихатының депутаты Талғат Ерғалиев елордадағы қылмыс деңгейі жоғары деген мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана мәслихатының депутаты Талғат Ерғалиев елордадағы қылмыс деңгейі жоғары деген мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Instagram-парақшасында жазба жариялап, бұған дейін өзі айтқан ақпараттың дұрыс емес екенін мәлімдеді және сол үшін кешірім сұрады.

"Өкінішке қарай, бұл ақпаратты көмекшім құзырлы органдарға жүгінбей-ақ дайындаған. Ішкі істер министрлігінің ресми деректері бойынша Астана - қылмыс деңгейі төмен әрі қауіпсіздігі жоғары қала", - деп жазды Талғат Ерғалиев.

Реклама
Реклама

Ол мәслихат сессиясында көтерген депутаттық сауалының мақсаты 16-округ тұрғындарының "инфрақұрылымы мен өмір сүру жағдайын жақсарту" болғанын айтты.

"Мәслихат депутаты ретінде елорда әкімдігімен және полиция департаментімен бірге ІІО инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және полицейлердің имиджін көтеру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз", - деді депутат.

Оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін депутат Талғат Ерғалиев Астана мәслихаты сессиясында сөз сөйлеп, елордадағы "ең проблемалы" саналатын Сарыарқа ауданындағы криминогендік жағдайды жақсарту қажетін айтқан. Депутат MIND аналитикалық орталығының деректерін келтіріп, былтыр Астанада 17 мыңнан аса қылмыс тіркелгенін, оның 8 мыңы Сарыарқа ауданына тиесілі екенін атап өткен.

Сонымен қатар, Ерғалиев Астанадағы жағдайды Қарақас, Претория, Йоханнесбург, Мехико және Вашингтон сияқты қалалармен салыстырған.

Депутаттың сөзін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бөліп, мұндай мәлімдемелерді сақтықпен айту керегін ескерткен.

"Қазір біз тікелей эфирдеміз, сіз келтірген цифрларды дәлелдеу керек. Венесуэламен салыстыру дұрыс емес. Мұндай сарындағы мәлімдемелер өте қауіпті, мен бұған келісе алмаймын", - деген Қасымбек.

Ал Астана полиция департаменті өз кезегінде елордадағы қылмыс деңгейі депутат айтқаннан әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама