Депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды t.me/mazhilis_kz

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Елнұр Бейсенбаевқа Алғыс хат табыстап, жасаған жұмысына ризашылық білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Реклама
Реклама

Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі?

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Бұған дейін Алматы, Астана әкімдіктерінде қызмет еткен. 2023 жылғы наурыздан бастап сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама