Доллар бағамы тағы 536 теңгеге төмендеді

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

6 тамыздағы Қазақстандағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы тағы бір теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 тамыздағы Қазақстандағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы тағы бір теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE – Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 536,58 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,97 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 6 тамызға бекіткен ресми бағамы – 537,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 537,79 теңге, сату бағамы – 539,86 теңге. Астанада доллар орта есеппен 534,58 теңгеге сатып алынып, 541,58 теңгеге сатылуда.

Реклама
Реклама


Билік не дейді?

31 шілдеде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр доллар бағамына қатысты болжамымен бөлісті:

"Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша, доллар бағамы кейін кері шегінеді. Қазіргі деңгейдегідей жоғары болмайды. Бұған дейін де түрлі жағдайларда курс тұрақтанғанын талай рет көрдік. Ұлттық банк бұл бағытта барлық қажетті шараны қабылдайды деп ойлаймын, сонымен қатар нарықтың өзі де дұрыс әрекет етеді", – деді ол үкіметтегі брифингте.

Валюта интервенциясы

30 шілдеде еліміздегі айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. Осыдан кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын бастады. 1 тамызда Ұлттық банк теңгені қолдау мақсатында нарыққа 125,6 миллион доллар шығарылғанын хабарлады.


Премьер-министрдің пікірі

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов те журналистердің девальвация туралы сұрағына жауап берген. Ол:

"Курс нарықтық факторларға сүйене отырып қалыптасады, Ұлттық банк тарапынан ешқандай араласу жоқ. Қазіргі таңда біздің және білікті сарапшылардың бағалауы бойынша, теңгенің күрт әлсіреуіне негіз болатын факторлар жоқ", – деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама