ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2024 | 10:47
ДСМ елімізде маймыл шешегінің пайда болу ықтималдығын бағалады
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Қазақстанда маймыл шешегінің тарау қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Қазақстанда маймыл шешегінің тарау қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мұндай оқиғаның даму ықтималдығы аз.
Вице-министр маймыл шешегі – сирек кездесетін жұқпалы ауру екенін түсіндірді. Ауруға тән белгілер – дене қызуының көтерілуі, интоксикация, дене бөртпенің пайда болуы. 2022 жылдың мамырында ауруды жұқтырудың алғашқы дерегі анықталып, әлемде 99 мың адам ауду жұқтырды. Оның ішінде 189 жағдай адам өлімімен байланысты. Мұндай дерек Гана, Конго, Камерун, Либерия, Нигерия, Орталық Африка Республикасы сияқты эндемикалық елдерде анықталды.
Ведомствоның мәліметінше, эндемикалық елдер-Гана, Конго, Камерун, Либерия, Нигерия, Орталық Африка Республикасы.
"Бүгінде республикада эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Тәуекелдерді бағалау көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторингті қоса алғанда, тұрақты түрде жүргізіледі. Африка елдерінен, сондай-ақ осы инфекцияның әкелінген жағдайлары тіркелген басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады", - деді вице-министр Үкімет отырысы кезінде.
Ғалымдардың пікірінше, инфекцияның жұқпалылығы жоғары емес. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды тұрақты бақылап отыр.
"Қазақстан аумағында аурудың тіркелу қаупі төмен. Осыған қарамастан министрлік инфекцияның Қазақстанда тіркелуіне жол бермеу бойынша барлық қажет алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Бүгінде мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Қазір бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы және төтенше жағдайлар кезіндегі ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды. Дәрілік заттар қорының қажетті көлемін қалыптастыру үшін шаралар қабылданды. Жергілікті жерлерде медицина қызметкерлерін диагностика және емдеу әдістеріне оқытудың қайталама циклдері жүргізіледі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы және төтенше жағдайлар кезіндегі ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды", - деп түйіндеді Ержан Нұрлыбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также